Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы №34 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

«№34 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

"Жігіт сұлтаны -2018"

04.05.2018
Просмотров: 31
 "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының "Руханият" бағытының өкілі Бахытжанқызы Лаураның ұйымдастыруымен ҚР Қарулы күштер мерекесіне және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай 8-10 сынып оқушылары арасында "Жігіт сұлтаны -2018" байқауы өтті. Дәстүрлі байқауды ұйымдастырушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен сабақтастырды. Ерлік, батырлық, білімділік, өнерлілік сияқты қасиеттерді өн бойына сіңірген, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жігіттер бірінен-бірі қалыспады.
Толығырақ >>

Еңбек бәрін жеңбек!

21.04.2018
Просмотров: 29
 Таңғы сағат 9-дан бастау алған  сенбілікке  әр адам өзіне жүктелген аумақтарды қоқыстар мен қалдықтардан арылтты.  
Толығырақ >>

12 сәуір ғарышкерлер күні

11.04.2018
Просмотров: 22
Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндірді. Сынып сағатында оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейіп, білімділіктері артты. Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет берілді.
Толығырақ >>

«Төрт түлік -ақты болсын!"

20.03.2018
Просмотров: 51
2 сыныптар арасында «Төрлет, төрлет, Наурызым» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мектеп бойынша сыныптар әр түрлі бағыттарға бөлінген 2 сыныптар «Төрт түлік » бағыты бойынша мерекелік концерт көрсетті. Оқушылар төрт түлік малдың пайдасы туралы өте жақсы білді. Төрт түлік кейіпкерлерін сомдап,қойылымдар қойылды, өнерлер көрсетті.
Толығырақ >>

Ертегі еліне саяхат!

20.03.2018
Просмотров: 39
Мерекенің мақсаты ата-салтымызды қадірлеу,кейінгі ұрпаққа жеткізу,ертегі арқылы балалардың мейірімділікке, еңбек сүйгіштікке,әр дайым көмек көрсете білулеріне, өмірлік оң көзқарастарына тәрбиелеу.Мерекелік іс-шараға оқушылардың барлығы белсене қатысты.Ертегі кейіпкерлерін қатыстыра отырып,ертегілерді а
Толығырақ >>

Ұлттық ойындар

19.03.2018
Просмотров: 47
"Ұлттық  ойындар». Халқымыздың өмірінде  ұлттық ойындардың өзіндік орны бар.Мерекелік кеште оқушылар арасында бірнеше ұлттық ойындар ойнатылды. Атап айтсақ: Жаяу тартыс,арқан тартыс,қыз қуу,теңге алу,асық ату,найзамен қылыштасу,  орамал тастау. Ұлттық ойындардың адам денсаулығы үшін қаншалықты  маңызды екенін  санаға құя білді. Мерекелік кешті оқушылардың сызылта салған әні мен мыңбұрала билеген билері әрлендіре түсті.
Толығырақ >>

«Ою- өрнек сыр шертеді»

19.03.2018
Просмотров: 43
«Ою- өрнек сыр шертеді» тақырыбында ән,би, көріністер көрсетілді.Мерекелік кеште оқушылар арасында бірнеше ою-өрнектің бірнеше түрлерін көрсетті .Атап айтсақ: қошқармүйіз, түйетабан,төрқұлақ,қырықмүйіз, сыңармүйіз,арқармүйіз,түлкібас, ботамойын, қарақұс тәрізді ою түрлерімен таныстырып өтті.
Толығырақ >>

«Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс – шара

17.03.2018
Просмотров: 60
Жыл бойы берілген бағыт бойынша зерттеу жүргізіп, мерекемен байланыстыра отырып, көрініс көрсетті. Мерекеге оқушылар белсене атсалысты. Сайыс барысында салт-дәстүрден 9-сыныптар сырға салуды, құда түсуді көрсетті. 8- сыныптар қазақтың ұлттық аспаптарының тарихымен таныстырды. 10-сыныптар Ұлы Жібек жолының тарихынан көрініс көрсетті
Толығырақ >>

"Кемер белбеу ердің сәні,Кемел жігіт елдің сәні"

17.03.2018
Просмотров: 43
Наурыз мерекесінде 5- сыныптар "Зергер" кеңжаһан жәмиғатының құпия көрінісі сәндік – қолданбалы халық өнері туралы көрсетті. Жиһаздар мен әшекей – бұйымдар мен бірге көшпенді бабаларымыздың  сәндік қолданбалы өнерінен көрмелер ұйымдастырды.  
Толығырақ >>

«Батырлар жыры» бағыты бойынша Наурыз мерекесіне байланысты іс-шара

16.03.2018
Просмотров: 62
6 сыныптар арасында Наурыз мерекесіне орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында "Батырлар жыры" бағыты бойынша сайыс өтті.  Мақсаты: Оқушыларға батырлар ерлігін дәріптеу, батырлар жырын жатқа айту,  Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеуге іс-шара өтті.
Толығырақ >>