Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы №34 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

2023 жылдың 1 қыркүйек күні "мектебім - мейірім мекені" атты білім күнініне орай салтанатты жиын өтті.

2023 жылдың 1 қыркүйек күні "мектебім - мейірім мекені" атты білім күнініне орай салтанатты жиын өтті. Арайлы жаздың 3 айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралған оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім есігін ашар жас бүлдіршіндермен концерттік бағдарлама жүргізілді.  Мерекелік іс шараны мектебіміздің директоры Мұрат Ескендірұлы мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, «Мен - өз елімнің патриотымын» атты алғашқы білім күні сабағына қатысты. Мектебімізге арнайы Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығының басшысы Сындар Мұратқызы келіп, білім әлеміне қадам басқан 1-сынып оқушыларын құттықтап, сәт сапар тіледі.
 



Просмотров: 67

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь